«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ СЫНАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бір мыңнан астам солтүстікқазақстандық оқушы мерзімінен бұрын Ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Биыл облысымыздағы мектептерді 3317 оқушы аяқтайды. Оларға қалаған оқу орындарына түсу үшін төрт бірдей мүмкіндік беріліп отыр.

Қаңтар, наурыз және тамыз айларында өтетін ҰБТ-да шекті ұпайды жинағандар жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне ғана түсе алады. Ал мемлекет грантынан үміткерлер маусым айында өтетін білім сынағына қатысуға міндетті.

Облыс орталығы мен оған жақын орналасқан аудандардағы жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі тестілеу пунктінде сынақтан өтті. Одан басқа пункттер Ақжар, Айыртау, Жамбыл аудандарында орналасқан. Олардың бәрі бейнекамералармен жабдықталып, тестілеудің талапқа сай өтуін бақылаушылар қадағалады.

Алғашқы тестілеуден бағын сынап көргендер арасында 121 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсеткен Петропавл қаласының қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Мания Темірғали болды. Шығармашылық емтихан тапсырушыларды қосқанда, талапкерлердің бұл ҰБТ-дағы көрсеткіші 64 ұпайды құрады.

ҰБТ-ға жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданған бірінші курстың сегіз студенті де қатысты. Олар тиісті ұпайды жинаудың нәтижесінде ресми түрде университет студенті атанатын болды.

 Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp