Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 23 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кейбір жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатып, көктайғақ болуы ықтимал.
Осы күні Петропавл қаласында да секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, дауыл тұрады деп күтілуде.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.