«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚЫРМАН ОЛЖАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақын, жазушы, драматург, манасшы, сазгер, бір сөзбен айтқанда, сегіз қырлы, бір сырлы азамат – Баянғали Әлімжановтың жуырда Мәскеудегі “Художественная литература” баспасынан “Сказ столетнего степняка” атты жаңа кітабы жарық көрді.

Туындының алғысөзін орыс жазушысы, академик Г.Пряхин жазып, ол автордың адамзат баласын жақсылыққа үндейтін шығармаларының мазмұнына жоғары баға берген. Кітапқа Баянғали Әлімжановтың “Сказ столетнего степняка” романы, “Разрешите жить!”, “Аблай хан и его батыры” атты повестері мен “Доброжелательный Аскар”, “Мальчик, победивший Джалмауз” сияқты басқа да ертегілері еніп отыр. Бұл шығармалар – екі тілге бірдей жүйрік қаламгердің бірнеше жыл бойы жазған еңбектері. Оларды орыс тілінде жазуының себебін автор былай түсіндіреді: “Бұл еңбектерім – ұзақ жылдан бері көз майымды тауысқан жұмысымның же­місі. Жүзге келген қарттың өмірін орысша жазған себебім, біз­дің тарихымыз орыстілді аудиторияға дұрыс жетпейді. Өзге­ріп, адам танымастай құбылады. Сол себепті де “Абылай хан және оның батырлары” атты повесімді де орысша жазған болатынмын. Көкейімде қазақ тарихы еш­бір бұрмалаусыз орыстілді қау­ымға жетсе екен деген тілегім бар”.

Сын-сықақтарымен, өлеңдерімен, айтыстарымен, драмалық туындыларымен жұртшылықтың жүрегінен орын алған қаламгердің бұл кітабы орыстілді оқырмандардың да сүйіп оқитын туындысына айналатынына шүбәміз жоқ.

 Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp