Биыл Петропавлда апаттық жағдайда деп танылған 4 тұрғын үй бұзылады.
Олардың орнына көпқабатты екі тұрғын үй бой көтереді. Бұл туралы кеше қала әкімі Марат Тасмаганбетовтің петропавлдықтармен алғашқы есептік кездесуінде хабарланды. Былтырғы жылы осындай 19 үйдің үшеуі сүріліп, тұрғындарына басқа баспана берілген болатын. Тозығы жеткен ескі үйлердің орнында жаңа, сәулетті әлеуметтік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу «Жас өркен» шағын ауданында да одан әрі жалғасады.