Кәсіпкерлер палатасы Қызылжар өңірінде іскер адамдар арасында кең ауқымды сауалнама жүргізе бастады.
Алғаш рет ұйымдастырылған акцияның мақсаты – жергілікті бизнес саласындағы өзекті проблемаларды, негізгі қиындықтарды анықтап, кері байланыс орнату. Сауалнама екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісінде – деректер базасында тіркелген кәсіпкерлермен телефон арқылы тілдесу, екінші кезеңде бизнес нысанына барып, кәсіпкермен көзбе-көз сөйлесу жоспарланған.