Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр.
Жиын барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылуда.Мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға бағытталған ауқымды шараны жас ұрпақ өкілдері өңірлерде тікелей онлайн режимінде тамашалап отыр. 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ұсынып, арнайы Жарлығымен бекіткен болатын.