Биыл Қызылжар өңірінде 705 шақырым жол жөнделмек. Осы мақсатқа қазынадан 37 млрд теңге бөлінді.
Жол жөндеуге арналған қаржы жыл санап артып келеді.Былтыр бұл жұмыстарға 33 млрд теңге бағытталған.Соңғы үш жылда өңірде 1900 км жол дұрысталыпты. Облыс аумағындағы трассалардың жалпы ұзындығы 9 мың шақырым, оның 1,5 мыңы – республикалық маңызы бар жолдар. Жергілікті маңыздағы автожолдардың 39 % нашар жағдайда, жалпы соңғы үш жылда 62 мың тұрғыны бар 128 елдімекеннің жолы жөнделген.