БОКСШЫЛАР БӘСЕКЕСІ
Петропавлда бокстан 2001-2002 жылдары туған жастар арасында облыс біріншілігі басталды. Жарыстың ашылу салтанатында бокстан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, “WBA “SUPER”, “IBO”, “ЕВU” тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Жанат Жақиянов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.