Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанған Жансая Әбдімәлік “Saіnt Louіs Chess Club” атты әйгілі шахмат клубынан “Caіrns Cup – 2019” әйелдер турниріне шақырту алды. АҚШ-тың Сент Луис қаласында тұңғыш рет өтетін элиталық турнирде жас айырмашылығына қарамай, әлемнің 10 үздік шахматшы қызы сынға түседі.
Қыздар арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы Жансая АҚШ-та өтетін турнирге шақырылған жалғыз қазақстандық. Жарыстың жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайды. Жүлде барлық қатысушылар ға бөліп беріледі.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.