«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОКСШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда бокстан 2001-2002 жылдары туған жастар арасында облыс біріншілігі басталды. Жарыстың ашылу салтанатында бокстан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, “WBA “SUPER”, “IBO”, “ЕВU” тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Жанат Жақиянов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылатын бәсеке барысында елу шақты боксшы 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Мәселен, шаршы алаңға алғашқы болып петропавлдық спортшылар – Шерхан Жалпақбасов пен Анар Мұстафаев шықты. Үш раундқа созылған тартысты кездесудің нәтижесінде алғашқысы ұпай саны бойынша басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Топ жарған жастардан облыс құрамасы жасақталып, үстіміздегі жылдың ақпан айында Шымкент қаласында өтетін ел біріншілігінде бақ сынайды.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp