Үстіміздегі жылдың 29 қаңтары күні облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан ерлер командалары арасында ел біріншілігінің үшінші тур ойындары басталады.
Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған додаға Ұлттық лига шеберлері қатысады. Атап айтқанда, үш күнге созылатын сайыс барысында “Атырау” (Атырау), “Маңғыстау” (Ақтау), “ТНК “Казхром” (Хромтау) және “Есіл” (Петропавл) командалары бақ сынайды. Күніне екі ойын өткізу жоспарланған. Петропавлдық команданың ойындары сағат 18.30-да басталады.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.