Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын талқылауға арналған TED-x үлгісінде жас оқырмандар конферециясы ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары мен колледждер студенттері еркін пікір алмасу барысында мақаланың маңызды тұстарына тоқталып, ой бөлісті. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің археология орталығының зертханашысы Наталья Ковшова Елбасының өткенді зерттеуге қатысты тапсырмасы біздің өңірде бұрыннан жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. “Археологиялық экспедициялар 1969 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған “Ботай” мен “Ақирий” тарихи қоныстары дәлел. Түрлі қазба жұмыстарын жүргізу арқылы студент жастар бұрынғы заманның мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады”, – деді ол.
Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.