“Жастар жылының” ашылу салтанатын бейнеконференция арқылы көпшілікпен бірге мен де тамашаладым. Елбасы жастар еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы екенін атап айтты. Мені, әсіресе, Мемлекет басшысының әрбір өңірде “Жас кәсіпкер” бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айтып, Үкіметке жастар стартаптарын қолдау қорын құруды тапсыруы ерекше қуантты. Өйткені, мен – кәсіпкерлік саласында бағымды сынап көруге талпынған көп жастың бірімін.
Бизнеспен айналысу бала кезімнен бергі арманым болатын. Кейін оны жүзеге асыру үшін облыстық кәсіпкерлер палатасындағы “Жас кәсіпкерлер мектебі” курсында білімімді жетілдірдім. Елбасының ұлттық әліпбиімізді латын қарпіне көшіру идеясын іс жүзінде қолдауды жөн көрдім. Осылайша, гипстен жасөспірімдердің латын әріптерін танып-білуіне арналған оқу құралын жасадым. Бұл жобам облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ, гипстен жасалған мүсіндердің көмегімен балаларға қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкерлерін, өңіріміздің және еліміздің қасиетті жерлерін таныстырмақпын.
Жанат КӘКІМОВ, жас кәсіпкер.