«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЩЫ СУДЫҢ” КЕСІРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәртіп сақшылары өткен жылы қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішіп, мас күйде жүрген алты мыңға жуық адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал облыс орталығында мас күйде жасалған 73 қылмыстың жетеуі адам өлімімен аяқталды.

Петропавл қалалық полиция басқармасында есепте тұрған 3097 адамның 1127-сі – маскүнемдікке салынғандар. Былтыр алпыс адам Жамбыл ауданы Благовещенка ауылындағы арнайы емдеу мекемесіне жіберілді.

Алкогольді заңсыз саудалау фактілерін анықтау, соның ішінде контрафактілік ішімдіктер де үнемі полицейлердің назарында. Қаладағы 13 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерінен бөлек, бұл бағытта “Көршілер бақылауы” алдын алу тобы да белсенді жұмыс істейді. Өткен жылы тәртіп сақшылары лицензияланбаған 400 литрге жақын алкоголь тәркіледі.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp