Бүгінде өңір жастары үшін “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ның облыстық филиалы арқылы баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Он үш жылда біздің банктің қолдауының арқасында жеті мыңға жуық солтүстікқазақстандық өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Елбасы атап өткендей, елімізде “7-20-25” бағдарламасы да осы бағытта жүзеге асырылып жатыр.
Соңғы жылдары Петропавл қаласының түрлі шағынаудандарында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатыр. Банкте есеп-шот ашып, ақша жинап жатқан азаматтардың қатарының қалыңдауы бағдарламаның тиімділігін ескеріп, мүмкіндікті пайдалана білетіндіктерін көрсетеді.
Баспана мәселесі толғандыратындардың дені – жас отбасылар. Жас мамандарды да пәтермен қамтамасыз етудің маңызы зор. Елбасы Үкіметке алдымен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз етуді тапсырды. Алдағы уақытта бұл санатқа басқа өңірлер де кіріп, көптеген жасты толғандырып отырған баспана мәселесі айтарлықтай шешімін табады деген сенімдеміз.
Рустам СЕРАЛИЕВ, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ы облыстық филиалының жетекші кеңесшісі.