Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, белгілі жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған “Қайсар жазушы” атты әдеби кеш өтті.
Жазушының шығармашылығын тереңнен зерттеген М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры, Тіл және әдебиет институты қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Жанбай Қадыров жиналғандарға оның сөз шеберлігі мен қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді.
Кеш қонақтары Болат Қожахметов, Қанат Омаров, Күлжан Рамазанова жазушының әңгіме, очерк, повестерінде ауыл өмірі, соғыс зардабы, тылдағы ауыртпалықтар мен адамдардың қажырлы еңбегі сөз болатынын тілге тиек етіп, естеліктерімен бөлісті.
Ал жазушының қызы Марал Оспанова әкесі жайлы әңгімелеп, кітапхана қорына қаламгердің шығармалар жинағын тарту етті.
Алина НҰРТАЗИНА, “Soltústik Qazaqstan”.