Отандық көліктерді сатып алауға ниетті қазақстандықтар үшін Ұлттық банк арнайы бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын.
Банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасының үлгісіне сүйене отырып жұмыс жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
«Аталған бастама импортты алмастыруға серпін беріп, импорттық тауарлардың жағымсыз сипатта өсуін тоқтатады», – деді ол. Президент бұл жұмыс автомобиль өнеркәсібіне оң әсерін тигізетінін атап өтіп, бастамаға қолдау білдірді.
www.inform.kz/kz/ukimet-7-20-25-ulgisimen-otandyk-kolikter-nesiege-berile-bastaydy_a3493135