Биылдан бастап Қазақстан өзінің бензинімен және дизель отынымен қамтамасыз етіледі.
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев осылай мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, отын-энергетикалық кешен экономикалық өсімнің драйвері болып отыр. «90 млн тоннадан астам мұнай мен 55 млрд текше метрден астам газ өндірілді. Мұнай өңдейтін барлық үш зауытты жаңғырту жұмыстары аяқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі мұнай өнімдеріне бөлшек баға өсімі байқалған жоқ.Биылдан бастап бензин, дизель отыны, авиакеросин мен битумге ішкі қажеттілік қамтамасыз етіледі», – деді Е. Досаев.