«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қасиетті Қызылжар топырағында туып, қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосқан қарымды қаламгерлердің қатарында жазушы, драматург, публицист, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің есімі ерекше ілтипатпен аталады. Ол жарты ғасырға таяу шығармашылық жолында қазақ әдебиетін өркен­де­туге өлшеусіз үлес қосты. “Ақан сері” дилогиясы, “Жапан­дағы жалғыз үй”, “Заманай мен Аманай” романдары қалың оқыр­ман қауымнан да, әдебиет сыншыларынан да жоғары баға алды. “Ажар мен ажал”, “Тұтқындар”, “Қызым, саған айтам”, “Жаралы гүлдер”, “Қос анар” сияқты тағы басқа пье­салары республиканың айтулы театрларында зор табыспен қойылды. Оқырман назарына жазушының “Кездесу” атты әңгімесін ұсынып отырмыз.

Түн ортасы. Терезеден үңілген ай ақырын жылжып, төргі бөлмеде ілулі тұрған кәртішкелерге нұрын төгеді. Ай бұлтқа сүңгіп, жарығы көмескіленгенде суреттердегі иығына автомат ілген, ақ тонды солдаттардың реңі одан сайын қаракөлеңкелене көрінеді. Бұлттан шыға келген ай сәулесін түгелдей төккен кезде, олар да қалың тұманнан шыққандай болады. Бөлме ішіндегі жас балалардың тәтті ұйқыдағы ақырын пысылдаған демі мен тыстағы радио сымдарын тартқан бағаналардың желмен бірге шыққан тынымсыз ызыңы анық естіледі. Ұйтқыған қар еркелеп ойнағандай, терезе шынысына асыла көтеріліп, қайта төмендейді.

Досымжан әлі ұйықтаған жоқ. Қабырғадағы суретке қарап жатқан оның көз алдынан сонау бір жылдарда, майдан даласындағы басынан кешкен бір оқиғалар өтіп жатты.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №12 (02.02.2019ж.) санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp