Облыстық балалар мен жа-сөспірімдер шығармашылығы орталығында қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің тұрғындар алдындағы қорытынды есепті кездесуі өтті. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысқан жиында 2018 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алда тұрған міндеттер баяндалды.
“Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – облыс орталығының тұрғындары мен өндірістік, әлеуметтік нысандарын сумен жабдықтайтын ірі кәсіпорын. Жуырда серіктестіктегі “Нұр Отан” партиясы бастауыш ұйымының мүшелері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауының жүзеге асырылу барысын және бас партияның 2030 жылға дейінгі бағдарлама жобасын талқылады.
Бағдарламада цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылған. 2017 жылы кәсіпорында қанатқақты жоба – Петропавл қаласының су құбыры және кәріз желілерінің бірыңғай цифрлық картасы жасалды. Жоба сумен жабдықтау жұмысының тиімділігін арттырады, соңдай-ақ, бизнесті дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
– Болашақта біздің картамызды жылу, телефон желілерінің және басқа да коммуникациялардың цифрланған картасымен біріктіруді жоспарлап отырмыз. Бұл кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін қажет. Карта арқылы нысандарда жүргізілген жұмыстардың барысымен таныса алады. Цифрландыру Елбасының Жолдауында айтылды. Барлық жұмыстар тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін жасалады, – деді “Қызылжар су” ЖШС-і бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Тажин.
Жиналысқа қатысушылардың пікірінше, барлық қалалық коммуникациялардың бірыңғай схемасы мен цифрлық картасын құру жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін де пайдалы болады, карта компания қызметкерлеріне апаттық жағдайлар туындаған кезде проблемалық учаскелерді анықтауға көмектеседі.
Бүгінгі күні судың тарифі 16 пайызға, кәріз жүйесі 10 пайызға арзандатылды. Сонымен қатар кәсіпорын жұмысшыларының ең төменгі жалақылары, инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбекақылары 15 пайызға өсті. Үш жас қызметкер “7-20-25” бағдарламасына қатысуға ниетті. Жалпы“Қызылжар су” ЖШС-нің бастауыш партия ұйымында бес жүзге жуық мүше бар.
Ілияс СӘБДЕНОВ, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.