Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің және Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының келiсiмімен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің өкiмiмен Ербол Болатұлы Сағдиев Есіл ауданының әкiмi болып тағайындалды.
Ербол Сағдиев 1961 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданындағы Өндiрiс ауылында туған. Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн құрылыс бакалавры және ауыл шаруашылығы бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай мемлекеттiк облыстық ауыл шаруашылығы тәжiрибе стациясында зоотехник болып бастаған.
1988-1992 жылдары Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы КОКП ХХIV съезi атындағы кеңшардың директоры болды.
1992-2003 жылдары коммерциялық кәсiпорындарға жетекшiлiк еттi.
2003-2015 жылдары Ақмола облысындағы Зерендi, Атбасар, Сандықтау аудандарының әкiмi қызметiн атқарды.
2015-2017 жылдары Шал ақын ауданының әкiмi болды. Осы тағайындауға дейін Тимирязев ауданының әкімі болып қызмет істеді.