«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция басқармасында жас тәртіп сақшылары мен тәлімгерлерінің слеті өтті. Полиция қызметкерлеріне адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, жұмыла жұмыс істеуге шақыру мақсатын көздеген шараға үш жылдық еңбек өтілі бар 55 офицер мен сержант қатысты. Олардың қатарында жедел уәкілдер, тергеушілер және әкімшілік полиция қызметкерлері бар. Бұл кездесудің ерекшелігі сол – жиынға жастардың ата-аналары да қатысты.

Басқарма бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұқатов жас тәртіп сақшылары жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқару керектігін, оларға жұртшылық зор сенім артатынын жеткізді. Бұдан соң тәжірибелі алты полиция қызметкері “Мінсіз қызметі үшін” медалімен марапатталып, тоғыз жас қызметкерге “Полиция лейтенанты” шені берілді. Сондай-ақ, жеті тәртіп сақшысының ата-анасына департамент бастығының Алғыс хаты табысталды.

Бұдан соң жиналғандар арасында “Құқық білгірлерінің турнирі” атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Төрт команданың ішінен тәлімгерлер тобы жеңімпаз атанды.

Слет соңы ведомствоның мәдени орталығы қызметкерлерінің концертіне ұласты.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp