«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданындағы Чистое көлінде қармақпен балық аулаудан облыс біріншілігі өтті. Жарысқа Петропавл қаласынан, Мамлют және Қызылжар аудандарынан 28 әуесқой балықшы өзара сынға түсті.

Дәстүрлі сайыстың мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыра отырып, қысқы балық аулауды дамыту арқылы өңірімізде кенжелеп қалған қысқы туризмге тың серпін беру.

Облыстық спорттық балық аулау федерациясы қатысушыларға жарыстың ережелері мен талаптарын алдын ала жолдаған болатын. Аталмыш жарыс барысында балықшылардың өзара сайысын арнайы бекітілген төрешілер құрамы бағалады. Жарыс барысында балықшылар үш сағатқа жуық уақыт бойы балық аулаудың түрлі тәсілін қолданып, тәжiрибе алмасты.

Жарыс нәтижесінде 6,9 килограмм балық аулаған Константин Пешков біріншіліктің жеңімпазы атанды. Халық Жаров (4 кг.) екінші болса, Сәбит Жаров (3,8 кг.) үздік үштікті түйіндеді.

Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp