«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.02.2019

КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктесті таңдады. Отандасымыз шетелдік “DAZN” стримингтік платформасымен келісімшартқа отырды.

АЙЫРТАУЛЫҚТАР – ЖЕҢІМПАЗ

Петропавлдағы Спорт сарайында жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан облыс біріншілігі өтті. Додаға Петропавл қаласы мен Жамбыл, Ақжар, Айыртау және Тимирязев аудандарынан келген 14-17 жас аралығындағы 150-ден астам спортшы қатысты.

ЖЕТІНШІ ОРЫНДА

Солтүстікқазақстандық хоккейшілер жаңа жылдағы алғашқы ойынын сәтсіз бастады. Шайбалы хоккейден өтіп жатқан ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” командасы өз алаңында Атырау қаласының “Бейбарыс” командасын қабылдаған болатын.

АЖАЛЫ – ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫННАН

“Үй түгі қалмастан өртеніп кеткен. Алайда, үй иесі, тоқсан жастағы кейуананың денесі табылмады. Соған қарағанда, бұл өрт оқиғасы күдік тудырады. Біреулердің қолымен жасалған сияқты”, – деген әңгімені ауылға барғанымда естіген едім.

ZERDELI ZERTTEÝSHILER

Oblysymyzdyń mektep oqýshylary “Býrabaı” demalys aımaǵyndaǵy “Baldáýren” balalar lagerinde ótken respýblıkalyq “Zerde” ǵylymı jobalar baıqaýynda top jaryp, júldemen oraldy.

АҚТАУДЫҢ АҚ МАРЖАНЫ

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында күміс көмей әнші, “Серпер” сыйлығының лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері Тамара Асардың “Ақтаудың ақ маржаны” атты жеке концерті өтті. Әншінің өнерін тамашалауға келген көрермендердің арасында Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімдерінің орынбасарлары Мадияр Қожахмет пен Руслан Сәкеев те болды.

КІТАПХАНАҒА ТАРТУ

Жазушы, драматург Баянғали Әлімжановтың небір тарлан таланттардың бесігі болған қасиетті Қызылжар топырағын өзі дүниеге келген киелі Көкшетау өңірінен бөле-жарған кезі жоқ. Оған Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен әдеби шара барысында тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Жазушы мәдениет ордасына Мәскеудегі “Художественная литература“ баспасынан жарық көрген Сказ столетнего степняка” атты кітабын тарту етті.

СҰЛУ СӨЗДІҢ СҮЛЕЙІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз Сәкен Жүнісовтің туғанына 85 жыл толуына орай әдеби кеш өтті. Оған қаламгерлер, ардагерлер мен студенттер қатысты. Шара барысында дарынды жазушының өмірі жайлы баяндалып, шығармаларынан үзінділер оқылды.

“БЕРЕКЕГЕ” ЕМХАНА КЕРЕК

Облыс орталығындағы “Береке” шағынауданы қарқынды дамып келеді. Мұнда көпқабатты тұрғын үйлердің, әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Десе де, жаңа кейіпке енген шағынауданда күрмеуі қиын мәселелер аз емес. Мәселен, мұнда тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуде бірқатар кедергілер орын алған.

ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР

Еліміздің болашағы білімді, бәсекеге қабілетті, тәрбиелі жастарға тікелей байланысты. Сондықтан өрендерді елін, жерін сүйетін, ұлтына шын жаны ашитын, Отанына адал ұрпақ етіп тәрбиелеу – басты міндет.

ЗАМАНАНЫҢ ҮНІ, СЫРЫ, МҰҢ, ЗАРЫ…

ТАҒДЫРЛЫ ТҰЛҒА “Мен бүгін бой жаздым… өлкемнің көлемін бір шолып қарадым көзімнен төгіп жас. Қобызға қостым да ақынның өлеңін, Тағдырдың алдында амалсыз идім бас”. Ақын, аудармашы – Хамза Абдуллиннің ұстазы Мағжан Жұмабаевқа арнаған өлеңі осылай басталады.

АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛУДА

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат тұтады. Елбасымыздың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауы даму көкжиегімізді кеңейтуге тың серпін берді.

ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Петропавл қаласының тұрғыны Дәрия Тұрғынова WHATSAPP желісіне: “Мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдардың бірімін. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлем механизмі енгізілетіні жайлы естіген едік. Осы жөнінде толығырақ ақпаратты қайдан алуға болады?” деген сұрағын жолдаған екен.

ЕЛЖАНДЫЛЫҚ – ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТ

Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” және “Ұлы даланың жеті қыры” атты бағдарламалық мақалаларынан туындайтын міндеттердің үдесінен шығу мәселесі сөз болды. Ардагерлер ұйымы №7, 23, 32 орта мектептермен бірлесе отырып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді көздейді.

ТӨЛЕМ ЖАСАУЫ ТИІС

Үстіміздегі жылдан бастап пластмасса, шыны, макулатура, картон және қағаз қалдықтарын алдын ала өңдеусіз көмуге тыйым салатын норма күшіне енді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында “Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Әсел Даңғылова хабарлады.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық мәслихатта өткен қоғамдық тыңдау барысында 2018 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама талқыланды. Жиынға аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

САН ҚЫРЛЫ ТАЛАНТ ИЕСІ

Бұрнағы күні есімі елімізге белгілі ақын, жазушы, драматург, манасшы, сазгер, бір сөзбен айтқанда, өн бойына сан түрлі өнерді теңдей тоғыстырған ардақты азамат – Баянғали Әлімжанов “Soltústіk Qazaqstan” газетінің ұжымымен кездесіп, өмірі мен шығармашылығы, қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйі туралы әңгіме өрбітті.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармалары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Екі өңір алдағы уақытта бірқатар мәдени шаралар өткізуді жоспарлауда.

ЖАҢА ӘКІМДЕР АЛДЫНДА — ТЫҢ МІНДЕТТЕР

Есiл ауданында жұмыс сапарымен болған өңiр басшысы Құмар Ақсақалов актив жиналысында жаңадан тағайындалған аудан әкімі Ербол Сағдиевті таныстырып, нақты мiндеттер жүктеді. Ербол Сағдиев Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн құрылыс бакалавры және ауыл шаруашылығы бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.