Петропавлдағы Спорт сарайында жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан облыс біріншілігі өтті. Додаға Петропавл қаласы мен Жамбыл, Ақжар, Айыртау және Тимирязев аудандарынан келген 14-17 жас аралығындағы 150-ден астам спортшы қатысты.
Бірнеше күнге созылған сайыс бағдарламасына сәйкес қатысушылар 60, 200, 400, 800 және 1500 метрге жүгіруден, ұзындыққа секіруден және ядро лақтырудан сынға түсті. Сондай-ақ, 4х200 метрлік эстафетадан сайыс ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша, Айыртау ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері біріншіліктің жеңімпазы атанды. Тимирязев ауданының өкілдері – екінші, ал ақжарлықтар үшінші орынды еншіледі.
Біріншілікте бағы мен бабы келіскен жеңімпаздар ақпан айында Қарағанды және Өскемен қалаларында өтетін ел біріншілігінде өңір намысын қорғайтын болады.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.