«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІНШІ ОРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық хоккейшілер жаңа жылдағы алғашқы ойынын сәтсіз бастады. Шайбалы хоккейден өтіп жатқан ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” командасы өз алаңында Атырау қаласының “Бейбарыс” командасын қабылдаған болатын.

Облыс орталығындағы Спорт сарайында өткен кездесудің бірінші күнінде қонақтар басым түсті. Жерлестеріміз Ильнар Мисбахов пен Кирилл Власов мергендік танытқанымен, атыраулықтар біздің қақпаға бес шайба салды. Есеп – 2:5. Екінші күнгі қарымта кездесудің бірінші кезеңінде “Бейбарыс” есепті ашса, кейін ұпай санын тағы еселеді. Ал жерлесіміз Ильнар Мисбахов есеп айырмасын қысқартқанымен, кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда атыраулықтар жеңіс шайбасын салды.

Біріншілік аясында өткен 52 ойынның қорытындысына сәйкес “Бейбарыс” командасы 105 ұпаймен турнир кестесінде көш бастаса, одан кейінгі орында 101 ұпайы бар “Номад” пен “Арлан” жайғасқан. Қоржынында 74 ұпайы бар “Құлагер” командасы біріншіліктің турнир кестесінде 7-ші орында тұр.

Жерлестеріміз ақпанның 10-11-і күндері сырт алаңда біріншіліктегі соңғы кездесуін өткізеді. Мұз айдынындағы соңғы қарсыласы – “Алматы” командасы.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp