«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЖАЛЫ – ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫННАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Үй түгі қалмастан өртеніп кеткен. Алайда, үй иесі, тоқсан жастағы кейуананың денесі табылмады. Соған қарағанда, бұл өрт оқиғасы күдік тудырады. Біреулердің қолымен жасалған сияқты”, – деген әңгімені ауылға барғанымда естіген едім.

6 қаңтар күні Жамбыл ауданындағы Қарақамыс ауылында орын алған оқиға жөнінде өрт бөлімінің қызметкері Сағындық Мәжитовтен сұрап білдім. Қаза болған үй иесі 1929 жылы туған Ұлту Мырзатаева екен. Өрт ауыл тым-тырыс ұйқыда жатқанда, түнгі сағат 2-лер шамасында шыққан. Аудан орталығынан шалғайда, 80-90 шақырымдай қашықтықта орналасқан ауылға өрт сөндірушілер 2 сағаттан кейін жеткен. Олар келгенде үйдің қабырғалары ғана қалыпты. Қызыл жалынды ауыздықтауға аудандағы “Атамекен Агро” ЖШС-нің ерікті өртсөндірушілерімен бірге Озерный, Бауман ауылдарынан көмек келіп, ауыл тұрғындары да жұмылған.

Өрт қызметі мамандарының айтуына қарағанда, от пештен шыққан көрінеді. Бұған қоса газ баллоны жарылған. Үй иесінің денесінің қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Қошан ҚАЛИ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp