«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктесті таңдады. Отандасымыз шетелдік “DAZN” стримингтік платформасымен келісімшартқа отырды.

Геннадий чемпиондық деңгейдегі спорттық жолының көп бөлігін “НВО” телеарнасында өткізген болатын. Алайда, кабельдік тележүйе 2019 жылдан бастап бокс жекпе-жектерін трансляцияламайтыны туралы шешім қабылдаған. АҚШ аумағында Эдди Хирн басқаратын “DAZN” және Боб Арум жетекшілік ететін “ESPN” стримингтік платформалары, Эл Хэймонның “Boxing Champions” жобасы қазақстандықтың жекпе-жектерін көрсетуге қызығушылық танытқан.

“DAZN” бірінші жекпе-жекті өткізу үшін қарсыластарына қарағанда біршама аз қаржы ұсынған. Келісімшарт талаптары бойынша, Головкин бұл платформадағы екінші жекпе-жегінде бұрынғы қарсыласы Альвареспен қолғап түйістіруі мүмкін. Геннадийдің бұл екі айқас үшін алатын гонорары кем дегенде 10 миллион долларды құрайтын болады.

Стримингтік платформаның басшысы Эдди Хирннің айтуынша, Геннадий Головкин жаңа телесеріктестің жоспарларына сәйкес алғашқы жекпе-жегін үстіміздегі жылдың көктемінде өткізеді. Екінші бокс кешінде мексикалықпен қолғап түйістіреді.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp