«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармалары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Екі өңір алдағы уақытта бірқатар мәдени шаралар өткізуді жоспарлауда.

Маңғыстау облысы бойынша аталмыш басқарманың басшысы Пания Сармұрзинаның айтуына қарағанда, бұл шара Елбасымыздың “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында және Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен өткізілуде.

– Қызылжар топырағына қазақ халқының дауылпаз ақыны Қожаберген жырау, Шал ақын, Сегіз сері және басқа да көптеген өнер майталмандарының кіндік қаны тамған. Біздің облыс та көпшілікке киелі жерлерімен белгілі. Бүгінгі шара еліміздің батыс және солтүстік өңірлері арасында мәдениет саласындағы байланысты дамытуға арналған алтын көпір болып табылады. Алдағы уақытта бірнеше шаралар ұйымдастыру жоспарлануда, – деді Пания Оңалбайқызы.

Кездесудің соңында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары Досбол Әбдірейісов Маңғыстау облысы делегациясының мүшелеріне жерлесіміз, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің “Ботай дала өркениетінің бастауында” атты кітабын тарту етті. Ал маңғыстаулық меймандар өз кезегінде солтүстікқазақстандық әріптестеріне “Баба – сарын бабауы” атты өнер шеберлерінің антологиясын табыстады.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp