«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСҚАР ТАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Бала қашан да оның мінез-құлқына, өзгелермен қарым-қатынасына, болмыс-бітімі мен біліміне қарап бой түзейді. Отбасының береке, ынтымағы үшін отағасының жақсы қасиеттерге ие болғаны жөн.

Әкенің тәрбиедегі рөлі де аса маңызды. Біріншіден, әр бала әкесімен сырлас бола білуі тиіс. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас дұрыс болса, жеткіншектің тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына еш кедергі жоқ. Ата-анаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық осындай қарапайым жайттардан бастау алады.

Мектебімізде әрбір оқушының отбасы жағдайын ескере отырып, олардың ата-анасымен қарым-қатынасының дұрыс болуына ұдайы көңіл бөлеміз. Осы орайда тұрақты түрде тәрбие сағаттарын өткіземіз. Отбасы мәселесін қозғайтын ақыл-кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Мәселен, мектебімізде өткен “Әкелер – отбасының тірегі” атты конференцияда аталмыш тақырыптың маңыздылығына тоқталып, әке мен бала арасындағы байланыстың қандай болу керектігін талқыладық.

Психологтар анықтағанындай, отбасы мүшелері бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнатқан жағдайда отбасылар ұрыс-керістен аулақ болады. Әке тәрбиесін алған ер бала қажырлы, өжет болып өседі, ал әкесін үлгі тұтқан қыздар өзінің ертеңгі өмірлік серігі болатын жолдасын таңдауда қателіктерге ұрынбайды. Әсіресе, жастайынан баланы еңбекке баулудағы әкенің рөлі жоғары. Мамандық таңдауда да ер балалар әкесінің ақыл-кеңесіне құлақ түруі тиіс. Осы орайда айтарым, бұйырып, жекіп емес, дұрыс ақыл-кеңес бере отырып тәрбиелеген абзал. Шектен тыс қаталдық танытып, шеттете берсе, бала қорқақ болып өсуі мүмкін.

Әсел КАРШАЛОВА, С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның педагог-психологі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp