«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Германияның Дрезден қаласында шорт-тректен әлем кубогының бесінші кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасындағы ең үздік нәтиже қыздар командасына тиесілі. Нәзік жандар 3 мың метрге созылған эстафетада сәтті өнер көрсетіп, үздік бестікті түйіндеді. “В” финалында топ жарған жерлестеріміздің бұл көрсеткіші жалпыкомандалық есепте үздік бестікке енуге жеткілікті болды. Эстафетада ел намысын Анастасия Крестова, Әлия Ким, Әсел Тайшыманова және Ольга Тихонова қорғаған болатын.

Ерлер арасындағы сында Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Әділ Ғалиахметов және Мерсаид Жақсыбаев жетінші орыннан көрінді. Аралас эстафетада Қазақстан спортшылары алтыншы орынға тұрақтады.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp