«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясында облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы мен Ережесі бекітілді.

Сессияда өңірлік қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко сөз сөйледі. Ол қоғамдық кеңестің бір жыл ішіндегі отырыстарында қаралған мәселелерге жан-жақты тоқталды. Оның ішінде елді мекен тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу барысы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде мұғалім кадрларын даярлау, облыстағы туризмді дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі тиісті мемлекеттік органдардың жұмысы мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресті күшейту бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысы және басқа да мәселелер болды.

Қоғамдық кеңес және оның комиссиясы мәселені шешу үшін мемлекеттік органдарға жүгініп, тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеді, қызметінің нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады және есептерін интернет-ресурстарға орналастырды.

Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңына сәйкес қоғамдық кеңестің мүшелері үш жылға сайланады, оның мерзімі үстіміздегі жылғы 3 ақпанда аяқталған болатын. Облыстық мәслихат жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізді. Облыстық мәслихаттың депутаттары облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы мен Ережесін бірауыздан бекітті.

Облыстық мәслихаттың сессиясынан кейін қоғамдық кеңестің алғашқы ұйымдастырушылық отырысы өтіп, онда төраға қызметіне Қайырлы Едіресов сайланды.

Зәуреш АХМЕТОВА, облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp