Қазақ зағиптар қоғамының облыстық филиалында қыштан құмыра жасау үйірмесі ашылды. Қазір өңірімізде 900-ден астам зағип жан бар. Көру қабілеті нашар жандарға қолдау көрсету мақсатында қыштан құмыра жасау үйірмесін ашқан Вадим Вольф аптасына екі рет тегін шеберлік сабағын өткізеді.
– Бастапқыда үйірме жұмысын әрі қарай жүргізуде қиындықтарға кезіктік. Бірақ тәуекелге бел будық. Қазір мұнда бірнеше адам қыштан құмыра жасаудың әдістерін меңгеруде, – деді “Қазақ зағиптар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнагүл Тәшенова. Мұндай үйірмелердің мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамның толық бір мүшесі екендіктерін сезінуіне көмегі зор.
Байболат ҚҰЛТАНОВ.