«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯЗДЫ КҮНІ ЖОЛДА ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жергілікті полиция қызметі басқармасының мамандары жуырда Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарындағы әріптестерімен бірге профилактикалық мақсатта рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тәртіп сақшылары есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, жол үстіндегі қозғалысты қадағалауға, кәмелетік жасқа толмағандарға спирттік ішімдіктер сату фактілерін анықтауға баса назар аударды.

– Қоғамдық орындарда мас күйде болғаны, жол ережелерін бұзғаны үшін Қызылжар ауданында – 15, Мағжан Жұмабаев ауданында 11 адамға айыппұл салынды. Олардың арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар, – дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Александр Розбах.

Осы аудандарда 21 жасқа толмағандарға спирттік ішімдіктер сатудың екі фактісі анықталды. Сатушылар олардан жеке басын куәландыратын құжаттарын талап етпеген. Дүкен иелеріне Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 200-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл баптың санкциясы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді. Сондай-ақ, полицейлер кәмелетке толмаған балаларын қараусыз жіберген ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аудандардағы білім беру ошақтарында әңгімелер өткізіліп, оған алты жүзден астам адам қатысты. Мұндай рейдтер алдағы уақытта басқа да аудандарда ұйымдастырылмақ.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp