«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҚЫН ЕДІҢ ЕЛГЕ ТАТЫР ІРГЕЛІ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Менің Ерік Асқаровпен таныстығым 1975 жылы басталды. Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тамамдап, туған өлкем – Қызылжарға ат басын бұрдым. Арманым қазақтың белгілі ғалымдарынан, танымал тұлғаларынан алған білімім мен тәжірибемді өзім туып-өскен өңірдің өрендерінің бойына сіңіру еді. Сол кездегі қазақ тілінде білім беретін жалғыз қарашаңырақ – №2 мектеп-интернатына (қазіргі Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат) мұғалім болып жұмысқа орналастым. Бұл оқу ордасында сол жылдары қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарындағы механизаторлардың, сауыншылардың балалары оқитын.

Әдебиетке, тілге жақын балалардың ынтасы менің өз мамандығыма деген сүйіспеншілігімді одан сайын арттыра түсті. Оларға студент кезімде оқып, көңілге тоқыған ауыз әдебиеті үлгілерінің, қазақтың тарихы жайлы кітаптардың мазмұнын жиі айтып беруге тырысатын едім. Бір күні әдебиет пәнінің қосымша сабағына дайындалып отырып “Қазақстан пионері” атты газеттен ұйқасы шымыр, ойы шырайлы өлең шумақтарына көзім түсті. Бірден қолыма алып, сүйсініп тағы бір мәрте оқып шықтым. “Авторы Ерік Асқаров, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы” деп жазылыпты шығарманың соңында. Сол күннен бастап Ерік Асқаров есімді жас ақынмен танысуды, кездесіп, пікір алмасуды ойлай бастадым…

 Ерік Асқаров туралы мақалаларды және ақынның өлеңдерін газетіміздің №14 (07.02.2019ж.) санынан оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp