«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БАРЫСТЫҢ” ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Ресейдің Уфа қаласында “Барыс” клубы овертаймда жергілікті “Салават Юлаевты” жеңді. Есепті уфалық команда ашты. Ойынның 8-ші минутында Артем Сергеев мергендік танытты. Араға 47 секунд салып елордалықтар таразы басын теңестірді. Команда мерейін асырған ойыншы – Никита Михайлис. Екінші кезеңде “Барыс” алға шықты. Андре Петерсон есепті 2:1-ге жеткізді. Әйтсе де, көп ұзамай қарсылас команданың ойыншысы Линус Умарк есепті теңестірді. Үшінші кезеңде есеп өзгермеді. Қосымша уақытта астаналық команда ерледі. Жеңіс шайбасының иегері – Андре Петерсон.

Қанат АТАМАНОВ,“Soltustik Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp