«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫЛАУ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәртіп сақшылары облыс аумағында ауа райының күрт суытуына байланысты жолдарды бақылауда. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, қазіргі таңда патрульдік полиция батальонының 15 экипажы көлік жүргізушілері мен жолаушылардың жолда үсіп қалуын болдырмау үшін кезекшілік атқаруда. Мәселен, дүйсенбі күні Шал ақын ауданындағы “Жезқазған – Петропавл” автожолында “Volvo” маркалы жүк көлігінің қозғалтқышы істен шығып, тоқтап қалған. Ресейдің Омбы қаласынан Қостанай облысына бет алған жүргізушіге де тәртіп сақшылары көмекке келді.

– Өңірде ауа температурасының кей жерлерде 35 градусқа дейін төмендеуіне және бұрқасын жүруіне байланысты 5 ақпанға қараған түні республикалық маңыздағы “Астана – Петропавл” автожолы жабылған болатын. Сол себепті, полиция қызметкерлері елді мекендерден көліктердің шықпауын бақылауға алды, – деді Айдын Байматов.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp