“ЛОРД” дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатында авторлық бағдарламаны әзірлеу бойынша мұғалімдерге арналған семинар-практикум өтті. Оған мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру мекемелерінен қырыққа жуық педагог қатысты.
Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Рахат Әзімбаева былтырғы қараша айында өткен республикалық “Ең үздік авторлық бағдарлама” байқауында екінші орынға ие болған. Ол семинарға қатысушыларға авторлық жобаны әзірлеу және оны қорғаудың қыр-сыры жайлы айтты.
“Қызылжар-Ақпарат”.