«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ ЖҮРУДІҢ ПАЙДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дәрігерлер күлуді терең демалудың бір түрі санайды екен. Ол жай демалу ғана емес, психологиялық тұрғыда бойға жинақталып қалған үрей сезімдерін тарқатады. Бақыт гормондарын түзуге жағдай жасап, стресс гормондарының пайда болуын тежейді.

Қатты күлген адам өзін босаңсығандай сезінеді. Швед мамандары күлкі мен қалжыңның, әсіресе, науқас адамдарға оң әсер ететінін айтады. Ал норвег дәрігерлері күлкінің көкірек қуысын және қарынның сыртқы қабатын нығайтатынына, бүкіл ағзаны сергітетініне назар аударады. Мамандардың көпшілігі күлкіні жүгірумен салыстырады, көңілді күлкі ұйқыны, зат алмасуын жақсартады деп есептейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp