«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНІМДІ ТІРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық Мәдениет үйінде “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының төрағасы Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен кезектен тыс XXXII конференциясы өтті. Жиында партияның 20 жылдығына орай “Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі” бағдарлама жобасының негізгі ережелері талқыланды.

– “Нұр Отан” партиясы – Қазақстанды дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы міндеттерді орындауға зор үлес қосып, елдің береке-бірлігінің артуына және саяси тұрақтылығын нығайтуға атсалысып келе жатқан саяси ұйым. Биыл 20 жылдығын атап өткелі отырған партия осы уақыт ішінде халықтың сенімді тірегіне айналды. Үстіміздегі жылдың 27 ақпанында партияның кезекті XVІІІ съезі өтеді.

Онда 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламаны талқылау, партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және саяси кеңестің құрамын жаңарту жоспарлануда, – деді Марат Иманбайұлы.

Жиында Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Аронова алдымен партия тарихына тоқталды. “Нұр Отан” партиясы 1999 жылы президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау қоғамдық коалициясының базасында құрылып, алғашқы сәттен-ақ партия құрамына 164 мың адам мүше болған. Петропавл қаласының құрметті азаматы Бейбіт Мұстафина “Нұр Отан” партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі” атты бағдарламаның халыққа берер игілігі зор боларына сенімді. Денсаулық сақтау саласының ардагері ортақ мәселелерді шешуде мүдделес жандардың басын қосқан партияның ықпалына және жиырма жылда тындырылған игі істерге тоқталып өтті.

Ал партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Мұқышев өз кезегінде қатысушыларды алдағы онжылдыққа арналған “Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты” атты “Нұр Отан” партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасымен таныстырды.

– Бас­тауыш партия ұйым­­дары келесі онжылдықта он не­гізгі мақсаттан тұратын жобаны қа­растырып отыр. “Нұр Отанның” басты он басымдығына әлеуметтік сая­сатты әділ әрі тиімді жүргізу, білім беру мен медицина сапасын арттыру, бизнес пен жастарға қолдау көрсету, ден­саулық сақтау саласындағы тә­жі­рибелі маман­дарға қолже­тім­ді­лік, қазақстандықтардың дұрыс дема­луына мүмкіндік беру, сондай-ақ, ел азаматтарының жалпы­ұлттық мәсе­лелерді шешуге қаты­су белсенділігін арттыру, қоғамдағы әр адамның рөлін күшейту енген. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бүкіл стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бастауыш партия ұйымдарының мүшелері ұйымшылдықпен атсалысулары қажет, – деді Кеңес Таңатарұлы.

Конференция соңында 15 ақпанда өтетін “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар ұсынылып, дауысқа салынды. Бас­тауыш партия ұйым­­дарының өкілдері делегаттардың тізімін бірауыздан қолдады.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp