«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.02.2019

“ҚАЗАҚТЫҢ МЕН ДЕ АҚКӨҢІЛ БАЛАСЫМЫН”

Белгілі ақын, драматург, манасшы Баянғали Әлімжановты Қызылжар жұртшылығына таныстырудың өзі артық. Жуырда редакция ұжымымен кездесіп, жарық көрген туындылары, қазіргі әдебиеттің, соның ішінде поэзияның жай-күйі туралы айтқан әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

АШЫҚТЫҚ СЕНІМ ҰЯЛАТАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер” жобасының тәжірибесін тарату жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірімізде “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі өз жұмысын бастады. Мұнда “бармақ басты, көз қысты” әрекеттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы өткізген кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.

СЕНІМДІ ТІРЕК

Қалалық Мәдениет үйінде “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының төрағасы Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен кезектен тыс XXXII конференциясы өтті. Жиында партияның 20 жылдығына орай “Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі” бағдарлама жобасының негізгі ережелері талқыланды.

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ — ІСКЕ СЕРПІН

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты Үндеуінде: “2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда, “ Бизнес Бастау” жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады. Сондықтан 2018 …

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ — ІСКЕ СЕРПІН Read More »

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Өңір басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясында облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы мен Ережесі бекітілді.

МЫСЫРҒА ТІКЕЛЕЙ РЕЙС

Өңір тұрғындары алдағы уақытта Мысыр еліне демалуға тікелей рейспен ұшып бара алады. Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу барысында “Петропавл – Шарм-эш-Шейх – Петропавл” бағытындағы әуе қа­ты­насын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Жиынға жергілікті туроператорлар қатысты.

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ — ІРГЕЛІ КӘСІПОРЫНДА

Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары Қызылжар өңіріне жұмыс бабындағы іссапармен келіп, кеше “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында болды. Халық қалаулылары зауыттың өнімдерімен танысты, кәсіпорынның ұжымымен кездесті, олармен Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы әңгімелесті.