Петропавл қаласында тұратын қолөнер шебері Алексей Тюрин картиналарын бисердің көмегімен кестелейді. Төтенше жағдайлар саласының ардагері бос уақытын тиімді пайдаланып, тамаша туындыларды дүниеге әкелуде.
– Зейнетке шыққан соң бос отырмай қолөнермен айналысуды жөн көрдім. Кесте тігуді меңгерген бір бойжеткеннің өнері менің шығармашылыққа ынта-ықыласымды оятты, – деді Александр Тюрин.
Бүгінгі күні оның 200-ден астам қолөнер туындылары бар. Бір картинаға мыңдаған бисерді пайдаланады әрі бір-екі ай уақыт жұмсайды. Бисермен кестеленген зайыбының суреті – шебердің ең сүйікті туындысы. Әуесқой өнерпаз жұмыстарын ешқашан сатқан емес. Бүгінде аға ұрпақ өкілі қызы мен жиенін қолөнерге баулып, кесте тігуге үйретуде.
Әсел ОРАЗБАЕВА.