Өңірімізде “Электрондық сандық қолтаңба – әрбір студентке!” атты акция басталды. Акция барысында “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының мамандары студенттерді “Еgov.kz” порталының жұмысымен таныстырды. Жастарға электрондық сандық қолтаңбаның көмегімен мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алудың жолдары түсіндірілді.
Филиал менеджері Ермек Жакиннің айтуынша, 19 ақпанға дейін созылатын шараға жергілікті 23 білім ошағының студенттері қатысады.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”.