«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“VIZAVI COMPANY” ЖШС-нің қызметкерлері Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың коворкинг орталығында қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған шеберлік сыныбын өткізді. Шара барысында аталмыш компанияның өндірістік директоры Яна Старостина мен “Рахат-Лукум” ЖК-нің кондитері Владимир Шевелев тәтті тағам өнімдеріне деген сұранысты арттыру, сапалы тауар өндіру тақырыбында ой өрбітті. “VIZAVI COMPANY” серіктестігінің кондитері Наталья Бейкель студенттерге түрлі кремдермен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйретті. Шеберлік сыныбы соңында шараға қатысушылар болашақ мамандар дайындаған шоколадты кекстен және кремделген печеньеден дәм татты.

Елена СКАКУНОВА, Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp