«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЙЛЫБАЙДЫҢ ҚОБЫЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайының төрінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актері, жерлесіміз Асылболат Смағұловтың “Қойлыбайдың қобызы” атты картинасына орын берілген. Туындыға жерлес ақын Мағжан Жұмабаевтың поэмасы арқау болған.

“Ертеде ел бар екен қалың Найман,

Қытайға қалың Найман қанат жайған.

Қалың Найман ішінде Бағаналы,

Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан”, –

деп жырланған дастанда қобыздың қасиеті суреттеледі. Сондай-ақ, бұл аспаптың құдіретін жеткізе білетін қазақ халқының даналығы сөз етіледі. Поэма мистикалық аңыз-әңгіме түрінде жазылған.

Бұл туынды бояулардың қанықтылығымен, сюжеттік күрделілігімен, өзіндік композициялық шешімімен ерекше. Автор аталмыш шығармадан ұмытылмас әсер алғанын айтады. Қобыздың құдіретіне тамсанып, көңіл күйі мен тебіренісінен осы картина туған. Суретші 2010 жылы салынған еңбегін былтыр “Туған жер” атты жеке көрмесінде облыстық бейнелеу өнері мұражайына сыйға тартты. Қылқалам иесі үшін “Бабалар өткен жолдармен”, “Ор жағалап келеміз”, “Аңшының әні” атты суреттерінің топтамасында “Қойлыбайдың қобызы” туындысы ең құнды еңбек. “Бүкіл түркі әлемі үшін Мағжан Жұмабаевтың есімі ардақты, оның мұрасын картиналарым арқылы насихаттағым келді. Поэманы оқи отырып, шабытым оянды”, – деді суретші.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp