«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.02.2019

КИКБОКСШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Петропавл қаласында кикбоксингтен “Солтүстік Қазақстанның кубогы” атты республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық спортшы қатысып, 24 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРҒА ЗӘРУМІЗ

Тобырлық мәдениет үстем боп тұрған уақытта жанр мен стилі осы талаптарға сай қалыптасқан жаңа формалық, интеллектуалдық деңгейі биік әдебиет керек. Қазіргі оқырман неге шытырман оқиғаларды оқиды? Неге бүгінгі жазылып жатқан көркем дүниелер көп оқылмайды? Себебі, оқырман әдебиеттен озып кеткен. Ол жаңа формадағы, бірақ интеллектуалды тұрғыда қазіргі заманның психологиялық дағдарысынан шығаратын жаңа мәтіндерді өткен заманнан болса …

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРҒА ЗӘРУМІЗ Read More »

ӨРТСӨНДІРУШІНІҢ СҮЙІКТІ ІСІ

Петропавлдық өртсөндіруші Болатжан Асқарбеков тағдырдың жазуымен талай рет “ыстық нүктелерде” болған сәттерінде өрт каскасына “тәңіріндей сыйынғанын”, әріптестерін де ажал құшағынан сақтап қалғанын ұмытар емес. Оған сол кездегі ескі фотосуреттер куә. Тіл бітсе, шытырманға толы талай оқиғаны тізбелеп айтып берер еді. Қазір подполковниктің үйінде әртүрлі елдерден әкелінген өрт сөндіру каскалары сақтаулы. Кейбірі жылтыраған мыспен құйылса, төзімді …

ӨРТСӨНДІРУШІНІҢ СҮЙІКТІ ІСІ Read More »

JANÝARLARǴA QAMQORLYQ JASALÝDA

Ańshylyq maýsymynyń bekitilgen kestesine sáıkes ústimizdegi jyldyń 1 qańtarynan bastap borsyq, qaban, bulan jáne elikke ańshylyq jasaýǵa tyıym salynady. Túlki, qarsaq jáne qoıandardy 15 aqpanǵa deıin aýlaýǵa ruqsat etiledi. Osy oraıda, orman kúzeti qyzmetkerleri janýarlar álemin qorǵaý maqsatynda tuıaqty janýarlarǵa azyq bolyp tabylatyn bir myń dana qorektik sypyrǵyshtar ázirledi.

ҚЫЗМЕТ АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Қаңтар айының ортасынан бастап қазақстандықтар қаруды сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және тасымалдауға рұқсатты “Электронды үкімет” порталы арқылы алатын болды.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары күннің сәулесінен қуат алатын жылжымалы панель ойлап тапты. Қазір әлемнің көптеген елінде күн панелі сұранысқа ие. Ол пайдалануға қолайлы әрі қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Күн энергиясы сарқылмайтын ресурс болғандықтан, дамыған елдерде көшені жарықтандыруға, көкөністер өсіруге пайдаланылады.

СУЫҚ КҮНІ ЖҮРЕКТЕРІН ЖЫЛЫТТЫ

“Үміт. Сенім. Қайырымдылық” қоры, “Қызыл ай” қоғамының облыстық филиалы және “Ақ ниет – Петропавл” бірлестігі “Біз біргеміз” атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, басында баспанасы жоқ, көше кезген адамдарға ас-сусын таратты.

АБАЙСЫЗДА АЖАЛ ҚҰШТЫ

Облысымызда аязды күндері өрт оқиғалары мен жолаушылардың қар құрсауында қалып қою фактілері көбейді. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте баспасөз мәслихаты өтті.

БҰЛ ҚЫЛЫҚПЕН ҚАЙ БИІККЕ ШЫҒАМЫЗ

Аралайтын бүтін ауыл қалды ма? “… Депутаттар ауылдарды аралауға аттанды”. (Баспасөз бетінен). Газетті оқып, жайып қойдым алдыма, Бұл ақпарат санама ой салды ма? Дәл бүгінгі өзіміздің қоғамда, Аралайтын бүтін ауыл қалды ма?

САНАСЫЗДЫҢ СОРЫ ҚАЛЫҢ

Түнгі клубқа жастар қашанда үйір. Кей жастар Жаңа жыл, туған күн, басқа да мерекелер мен қуаныштарын сонда атап өтуді жөн көреді. Енді біреулері бұл әрекетін сән көріп, қатарластарынан қалмау үшін әр демалыс сайын, тіпті, жұмыс күндері де көңіл көтеру орындарынан шықпайды. Алайда, клубқа көңіл көтеру үшін ғана емес, күнкөріс қамымен баратындар артып жетіледі. Ауылдан білім …

САНАСЫЗДЫҢ СОРЫ ҚАЛЫҢ Read More »

АҚША АУДАРУҒА МҮМКІНДІК

Қазақстан Ұлттық банкі мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін қанатқақты режімде іске қосты. Сервис ұялы телефон нөмірімен түрлі банктердің клиенттері арасында және 24/7 режімінде тәуліктің кез келген уақытында ұлттық валютамен ақша аударуға мүмкіндік береді.

ДАРА ДАРЫН

“Арқаның ардагері еркін өскен, Ән шырқап, домбырасын шертіп өскен. Ақжарқын ақын аға Молдакемнің, Қашанда шығармас ел кейпін естен”, – деп жерлес ақын Ахметжан Нұртазин жырға қосқан Молдахмет Тырбиұлы 1882 жылы Қарауыл руының ежелгі қоныстарының бірі – Тулақ ауылында, кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

ҚҰРЫЛЫС ТОҚТАП ТҰР

“Казградстрой” фирмасы 2017 жылы облыс орталығының К.Сүтішев және Пушкин көшелерінің қиылысында 18 қабатты үш бірдей тұрғын үйдің құрылысын бастаған еді. Жоспар бойынша зәулім үйлер биыл тұрғындардың игілігіне берілуі тиіс болатын. Бірақ көпқабатты ғимараттың пайдалануға берілуі неғайбіл. Өйткені, құрылыс жұмыстары 2-3 айдан бері тоқтап тұр. Біз бұл мәселенің анық-қанығына жету үшін алдымен қалалық әкімдікке хабарластық.

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Заман көшінен қалмай, ізденудің арқасында табыс көзін тауып жүрген кәсіпкер әйелдер қатары күн санап қалыңдай түсуде. Осыдан-ақ әйелдердің өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отырғанын аңғаруға болады. Жақында облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті.

КҮШ БІРІКТІРІП КҮРЕСУ КЕРЕК

Мамлют ауданында нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында іс-шара өтті. Оған өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов қатысты.

ӘСКЕРИ ИНТИТУТТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Ұлттық Ұлан әскери институтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов Елбасымыздың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Қазақстан халқына Жолдауын және “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын таныстыру мақсатында әскери қызметшілермен кездесті. Кездесуге әскери кафедра, әскери техникалық мектебі, ұлттық шекара қызметінің бөлімі мен әскери институтының қызметшілері қатысты.

АЙЛАСЫН АСЫРҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР КӨП

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемелері мен тергеу изоляторында қадағалау мен тиісті тәртіпті нығайту бойынша режімдік қызметтер орындалады. Ол үшін сотталғандарға түсіндіру жұмысын жүргізу, мекемелердің аумағына тыйым салынған заттардың түсу арналарын анықтау үшін де іс-шаралар ұйымдастырылады.

ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІ БАҒАЛАНАДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрығымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олардың негізгілеріне тоқталсақ, “Б” корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тәртібі өзгерістерге ұшырады.

КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА САЛЫНАДЫ

Өңірімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Өткен жылы үш ауданда медициналық нысандар ашылып, 113 миллион теңгеге қажетті құралдар сатып алынды. Биыл облыс орталығында 700 орынға арналған көпсалалы аурухананың құрылысы басталатыны туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында айтылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысты.

АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ – ӨҢІРІМІЗДЕ

“Жаһандық ядролық қауіпсіздік” бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана қаласындағы АҚШ Елшілігінің жанындағы Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры подполковник Колдер Стивен Ричард бастаған бір топ шетелдік облыстық полиция департаментінде болды.