«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КИКБОКСШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында кикбоксингтен “Солтүстік Қазақстанның кубогы” атты республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық спортшы қатысып, 24 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Сайыстың қорытындысы бойынша 2001-2002 жылдары туған жастар арасында Тараз қаласының спортшылары Дулат Дүйсенов, Мұса Мерзиев, Бейбарыс Сауханбек, Айдын Тұрдыбеков және Бақберген Тоқтасын 51, 54, 57, 75, 81+ килограмм салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды. Астаналық Данияр Бұлқайыров пен Сағындық Тайғанов 67 және 71 килограмда топ жарды. Түркістан қаласының өкілі Жандарбек Жанайбек – 60, алматылық Хасан Әлиев 63,5 килограмда жеңіске жетті. Шымкент қаласының кикбоксшысы Серік Елемесов 81 килограмда алтын жүлдеге ие болды.

Ерлер арасында шығысқазақстандықтар – Михаил Иванченко, Арнал Қанапиянов және Бейбарыс Бауыржанұлы 57, 60 және 71 килограмм салмақта жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Ал 54 және 81 килограм салмақтың алтын медальдары Қостанай қаласының өкілдері Талғат Бұқбасаров пен Темірлан Қабиевтің еншісінде. Тараздық спортшылар Дінмұхаммед Баймұратов пен Мақсат Үсіп 51 және 75 килограмм салмақ дәрежесінде басымдық танытты. Астана қаласының өкілі Нұрдәулет Түймебаев – 63,5, ал павлодарлық Нұрсұлтан Хасанов 67 килограмда алтын медальға қол жеткізді.

2000 жылы туған нәзік жандар арасында керекулік Ақбота Таңатар мен Шара Хамзина 52 және 70 килограмда бірінші орынға лайық деп танылды. Өңір намысын қорғаған жерлестеріміз Зайра Қасиянова мен Жансұлу Қаржауова 60 және 70+ килограмм салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынды.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp