«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚША АУДАРУҒА МҮМКІНДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Ұлттық банкі мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін қанатқақты режімде іске қосты. Сервис ұялы телефон нөмірімен түрлі банктердің клиенттері арасында және 24/7 режімінде тәуліктің кез келген уақытында ұлттық валютамен ақша аударуға мүмкіндік береді.

Ол үшін ақша жөнелтуші мобильдік қосымшада немесе өзінің жүйеге қатысушы банкінің Интернет банкинг жүйесіне ақша алушының мобильдік телефонының нөмірін, аударылатын ақша сомасын және ақша алушының банкін енгізуі қажет. Алушыға оның жүйеге қатысушы банктегі шотына ақша лезде аударылады. Жүйеде банктің шоты, төлем картасының және электронды ақшаны пайдалану сияқты ақы төлеудің және банктер клиенттерінің тарапынан аударымды алуының түрлі құралдары бар. Бір транзакцияның ең жоғары лимиті 500 мың теңгені құрайды.

Жүйеде көрсетілетін қызметтерді кезең-кезеңімен дамыту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде жеке тұлғалар арасындағы аударымдар (P2P-аударымдар), келесі кезеңдерде заңды тұлғалардың пайдасына, оның ішінде QR-кодтарды пайдалана отырып жүргізілетін және сұрату бойынша төлемдер, басқа да төлем түрлері қолжетімді болады. Қазақстанда мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін енгізу пайдаланылатын төлем құралына (банктік шоттар, төлем карточкасы, электрондық әмиян) және қызмет көрсететін банкке қарамастан түрлі қашықтықтан қол жеткізу арналары арқылы қолжетімді, халыққа және бизнес субъектілеріне қолайлы, жылдам, сенімді әрі арзан төлем қызметін көрсетуге бағытталған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp