«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ – ӨҢІРІМІЗДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жаһандық ядролық қауіпсіздік” бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана қаласындағы АҚШ Елшілігінің жанындағы Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры подполковник Колдер Стивен Ричард бастаған бір топ шетелдік облыстық полиция департаментінде болды.

Полиция генерал-майоры Берік Біләлов шетелдік әріптестеріне өңіріміздегі криминогенді ахуалды тұрақтандыру мақсатында атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Меймандар облыстық полиция департаментінің мұражайында да болды. Мұнда бүгінде төрт мыңға жуық жәдігер сақталған. Қазақстандық полицияның тарихымен танысқан әскери қонақтар ерекше әсерге бөленді.

– Әр дәуірден сыр шертетін жәдігерлер тарихқа деген құрметті көрсетеді. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан ержүрек азаматтарды да ұмытпай, Екінші дүниежүзілік соғысты мәңгі есте сақтауға ерекше көңіл бөлінгені де байқалып тұр. Ел тарихы туралы естеліктермен де танысуға болады, – деді Колдер Стивен Ричард.

Сондай-ақ, АҚШ елшілігінің өкілдері жедел басқару орталығындағы бейнебақылау жүйесінің жұмысымен танысты. Өңіріміздегі полиция учаскелерінде 1140-тан аса бейне-камера құрылғысы орнатылса, 140-ы Петропавл қаласында жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті нығайту үшін қала мектептері мен ауруханаларына бейнекамералар орнатылып жатқанын да айта кеткен жөн.

Бұдан кейін шетелдік меймандар Ұлттық Ұлан әскери институтында болды.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp