«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІ БАҒАЛАНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрығымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олардың негізгілеріне тоқталсақ, “Б” корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тәртібі өзгерістерге ұшырады.

Биылға дейін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға құжат тапсыру барысында үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау нәтижесі конкурсқа қатысуға әсер етпейтін. Енді үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу күйзеліске орнықтылық, жаңашылдық, жауапкершілік, адалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару деңгейлерін анықтауға арналған 13 тапсырмадан тұратын болды.

Тестілеу растық деңгейін анықтауға көмектесетін сұрақтарды қамтиды. Жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеуден өту кем дегенде 50 пайызды құрайды. Бұдан төмен нәтиже көрсеткен үміткерлер бір айдан кейін ғана қайта тестілеуге қатыса алады.

Үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап “Б” корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде заңнама біліміне тестілеуден өткені туралы сертификат пен жеке қасиеттерін бағалау қорытындысын ұсыну міндетті емес. Себебі, олардың бар-жоғын персоналды басқару қызметі “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы тексереді.

Рамиль БАХРИРАЗИЕВ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp